Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетӨнерРуханият

«Атадан мұра»: Алматыда Нұрғиса Тілендиевті еске алу кеші өтті

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында қазақтың көрнекті композиторы, күйші, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне орай «Атадан мұра» атты еске алу кеші өтті.

Концерттік бағдарлама аясында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі өнер көрсетті. Ұжымның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Дінзухра Тілендиева. Сонымен қатар концертке танымал дирижерлер Жалғасбек Бегендіков пен Абылқайырхан Бейсеков қатысты.

Кеш барысында композитордың шығармашылық мұрасының ажырамас бөлігіне айналған «Ата толғауы», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері орындалды. Сондай-ақ, белгілі әншілер Рамазан Стамғазы, Светлана Айтбаева және Фархат Кубиевтің орындауында «Құстар әні», «Сарыжайлау», «Куә бол» әндері шырқалды.

Кештің әсерлі сәттерінің бірі – композитордың немересі Даяна Тілендиеваның Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариғаға арнаған «Куә бол» әнін орындауы болды. Сонымен қатар, опера әншілері Әйгерім Шәріпбек пен Жұлдыз Байжұманың өнер көрсетуі шараның көркемдік деңгейін одан әрі биіктете түсті.

IMG_5298

Ұқсас жаңалықтар

Бокс: Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы алтынын жеңіп алды

admin_altyalash

Қазақстан халқының саны 20 159 707 адамға жетті

admin_altyalash

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 12 000 ТАЛ ЕГІЛДІ

admin_altyalash