Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениет

Астанадағы ғимараттардың бірінің қасбетіне жаңа мурал салынды

Елорданың Сарайшық ауданында Қуанышбаев көшесі, 11/4 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіне табиғаттың жаңаруы мен қаланың көркем келбетін бейнелейтін «Қыз өссе, елдің көркі» атты жаңа мурал салынды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қабырғаға салынған туынды қалалық кеңістіктің маусымдық жаңаруы мен өңірдің мәдени болмысын айшықтайтын тұжырымдамаға негізделген.

Гүлдермен көмкерілген қыз баланың бейнесі көктемнің келуін, табиғаттың қайта түлеп, жаңаруын және далаға тән үйлесімділікті білдіреді.

Композицияда кейіпкердің назары көше кеңістігі мен LRT желісіне ауған. Бұл – қала инфрақұрылымының дамуын сырттай бақылап, алдағы оң өзгерістерді күтуінің символдық көрінісі. Осы арқылы туындыда мәдени мазмұн мен заманауи урбанизация үдерістерінің байланысы көрініс тапқан.
Мұндай көркем жобалар ауданның эстетикалық келбетін арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Аида Балаева X Петербург халықаралық мәдени форумына қатысты

admin_altyalash

Не маңызды: бес зауыт па, денсаулық па?

admin_altyalash

Алматыдағы Anhalt филиалында оқу үшін 150 грант

admin_altyalash