Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарРуханиятСпорт

Ұлттық спортымызды әлемге кеңінен танытамыз

Астанада Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 мектепте «Толағай» спорт залының ашылуына орай «Бала Толағай» ұлттық спорттық жарысы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа елорда мектептерінен жиналған 10 команда қатысып, ұлттық спорт түрлерінен өзара бақ сынады. Қатысушылар бұқа тартыс, ләңгі тебу, қап көтеру, арқан тартыс, серке көтеру, бес асық, садақ ату және найза лақтыру секілді сайыстарда өз шеберлігін көрсетті.

«Біздің мақсатымыз – Қажымұқан, Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров сынды тұлғалардың жолын жалғайтын, әлемдік аренада көк туымызды желбірететін рухты, тәрбиелі, Отанын қорғай алатын батыр жігіттер мен ару қыздарды тәрбиелеу. Бүгінде біз әлемнің 20-дан астам мемлекетінде өнер көрсетіп жүрміз. Жуырда Түркия еліне барып, өнерімізді таныстырып қайттық. Сонымен қатар, көршілес мемлекеттер де бізді арнайы шақыруда. Алдағы уақытта ұлттық спортымызды әлемге кеңінен таныту бағытында жұмысымызды жалғастыра береміз», – деді «Толағай» спортының негізін қалаушы Темір Спатай.

Іс-шара барысында ұлттық спортты дамытуға үлес қосып жүрген азаматтарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларға алғыс білдірілді. Осы бағытта аянбай еңбек етіп, ұлттық құндылықтарды насихаттауға сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматқа арнайы алғыс хат табысталды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен командалар марапатталып, арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады

admin_altyalash

Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында білім беру саласының негізгі басымдықтары талқыланды

admin_altyalash

Елорда прокуратурасымен 280 инвестордың құқығы қорғалды

admin_altyalash