Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай цифрлық платформаны кезең-кезеңімен енгізуді жалғастыруда. Жоба Мемлекет басшысының мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру және бюджет шығыстарын оңтайландыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында іске асырылуда.
Платформа мемлекеттік қызметтерді орталықтандырылған түрде көрсетуді және азаматтардың нақты мұқтаждығы негізінде әлеуметтік көмек ұсынуға көшуді қамтамасыз етіп, қолдаудың ашық, атаулы және тиімді жүйесін қалыптастырады.
Бірінші кезеңде еңбек шарттары мен ұйымдардың штаттық кестесін цифрландыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Бүгінгі таңда жүйеге 10 мыңнан астам ұйым қосылған.
Платформа аясында қазірдің өзінде қамтамасыз етілді:
- жалпыға міндетті оқу шаралары бойынша өтінімдерді цифрлық форматта қабылдау;
- қорғаншылық және қамқоршылық саласындағы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру;
- төлемдерді алушыларға тікелей аудару үшін қазынашылық органдарымен интеграциялау.
2026 жылы платформаны одан әрі дамыту жоспарлануда: электрондық үкімет порталы арқылы өтінімдер қабылдауды іске қосу, төлемдердің қайтарылуын автоматты түрде бақылау сервисін енгізу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмектің қосымша 13 шарасын автоматтандыру көзделген.
Министрлік заманауи цифрлық шешімдерді қолдана отырып, Бірыңғай цифрлық платформаның функционалын кеңейту және халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.
