Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетСаясат

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Бұхарада Жасанды интеллект бойынша өтіп жатқан жалпыұлттық хакатонды тамашалады.
Мемлекеттер басшыларына бұл сайыс ІТ және жасанды интеллект салаларын меңгерген талантты жастарды тауып, оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылғаны баяндалды.Хакатон білім беру мекемелері, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға септігін тигізеді. Хакатонға қатысушылар медицина, білім беру технологиялары, сондай-ақ кәсіпкерлік бағыттарындағы нақты міндеттердің түйінін тарқатумен айналысады.Өңірлік жарысқа мыңнан астам жас маман, студенттер мен бағдарлама әзірлеушілер қатысты.

Президенттерге Govtech Өзбекстан цифрлық үкіметінің соңғы әзірлемелері, көлік, кеден, салық, энергетика, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, құрылыс, өнеркәсіп салаларындағы цифрлық шешімдер таныстырылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Жасыл» энергетика Қарағанды облысында белсенді дамуда

admin_altyalash

Парагвайдың жаңа президенті сайланды

admin_altyalash

Жыл басынан бері мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

admin_altyalash