Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Гимназиада-еңбектің нәтижесін көрсететін маңызды кезеңдердің бірі

gov.kz

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жас спортшылардың басын қосқан бұл сайыс сәуір айының 24-күні қорытындыланады. Биылғы жарысқа Қазақстанның 20 өңірінен 300-ге жуық оқушы қатысып, өзара бақ сынауда. Гимназиада бағдарламасына таеквандо, жүзу және жеңіл атлетика секілді спорт түрлері енгізіліп, қатысушылар өз шеберліктері мен дайындығын көрсетуде.

Гимназиада – тек спорттық жарыс қана емес, сонымен қатар жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулитын, олардың бойында жігер, табандылық, тәртіп пен жеңіске деген құштарлықты қалыптастыратын маңызды алаң. Осындай ірі жарыстар арқылы оқушылар тәжірибе жинақтап, өзара достық қарым-қатынас орнатып, болашақта үлкен спортқа қадам басуға мүмкіндік алады.

Аталған додада жаттықтырушылардың еңбегі де ерекше. Олар жас спортшыларды тәрбиелеп, олардың спорт пен білімді қатар алып жүруіне бағыт-бағдар беріп келеді. Гимназиада-осы еңбектің нәтижесін көрсететін маңызды кезеңдердің бірі.

Айта кету керек, мұндай республикалық деңгейдегі жарыстар дарынды жастарды анықтап, олардың кәсіби тұрғыда өсуіне серпін береді. Сонымен қатар, ел спортының дамуына үлес қосатын болашақ чемпиондардың қалыптасуына жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазіргі қазақ прозасындағы мистика

admin_altyalash

Аталған жобаны қаржыландыруға қатысты еш мәселе жоқ

admin_altyalash

Біз спортшыларымызбен мақтанамыз

admin_altyalash