Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Ерлан Қарин: жаңа Конституциялық заңдар саяси жаңғыру үдерісін жалғастыру үшін жүйелі құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда үш заң жобасын қарады:

8 бөлім мен 43 баптан тұратын «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы.
12 бөлім мен 60 баптан тұратын «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

Ұсынылып отырған өзгерістер:
– қолданыстағы заңнаманы жаңа Конституцияға бейімдеуге,
– мемлекеттік-саяси модельді институционалдық жаңғыртуға,
– саяси жаңғырудың келесі кезеңіне арналған жүйелі құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Заңнаманы үйлестіру үдерісі мен алдағы Құрылтай сайлауы Әділетті Қазақстанның конституциялық қағидаттары мен құндылықтарына негізделген ел дамуының жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық студенттер Оңтүстік Кореяда тегін оқи алады

admin_altyalash

Бұл жетістіктер – оқу орындарының спорттық әлеуетінің, жүйелі дайындық пен жан-жақты қолдаудың айқын нәтижесі

admin_altyalash

Рубль құлдырауының бүгінгі бағамға әсері

admin_altyalash