Бүгін «Әділет» партиясының Ұйымдастыру комитеті Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңының 10-бабына сәйкес мемлекеттік тіркеуге қажетті құжаттардың толық топтамасын Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) тапсырды.
Құжаттар құрамына партияның жарғысы мен бағдарламасы, Құрылтай съезінің хаттамасы, белгіленген үлгідегі өтініш, тіркеу алымының төленгенін растайтын құжат, сондай-ақ қағаз және электрондық форматтағы партия мүшелерінің тізімі өткізілді. Тізімге Қазақстанның барлық облыстарынан, республикалық маңызы бар қалаларынан және астанасынан кемінде 200 мүшеден енген.
Бұл — партияны мемлекеттік тіркеу жолындағы соңғы кезең. Енді партия Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жауабын бір ай ішінде күтеді.
