Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

Семейде полицейлер денсаулығы күрт нашарлаған ер адамды құтқарып қалды

Күн сайын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге шыққан полиция қызметкерлері әр минуты маңызды болатын түрлі жағдайлармен бетпе-бет келеді. Семей қаласындағы кезекті патрульдеу де осындай оқиғалардың біріне айналды.

Полиция қызметкерлері Асхат Шаяхметов пен Нұрсұлтан Қуанышбаев қаланың орталық бөлігін патрульдеу кезінде жекеменшік сектор маңындағы қараңғы тұйықта үй қабырғасына сүйеніп тұрған ер адамды байқайды. Оның жағдайынан күмәнданған тәртіп сақшылары бірден жанына барып, көмек қажет екенін анықтаған.

Ер адам жүрегінің қатты ауырғанын айтып, есінен тана бастаған. Бір секунд та жоғалтпаған полицейлер дереу жедел жәрдем шақырып, азаматты қауіпсіз қалыпқа жатқызып, дәрігерлер келгенге дейін оның есін жоғалтпауға көмектескен.

— Тыныс ал… ең бастысы — тыныс ал, — деп қайталап отырған полицейлердің бірі жедел жәрдем жеткенше ер адамның жанынан бір сәтке де кеткен жоқ.

Бірнеше минуттан кейін оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы келіп, полицейлер медицина қызметкерлеріне ер адамды зембілге жатқызып, көлікке орналастыруға көмектесті.

Кейін инспекторлардың өздері бұл жағдай туралы қарапайым ғана:

— Біз тек керек уақытта, керек жерде болдық, — деп қысқа қайырған.

Алайда полиция қызметінің шынайы мәні дәл осындай әрекеттерден көрінеді. Полицей — тек форма мен погон иесі ғана емес, ең қиын сәтте алғаш болып көмекке келетін жан.

Ұқсас жаңалықтар

Баспана кезегін жеделдетпек болған түркістандық ұсталды

admin_altyalash

Ақтауда лотерея ойнатқан жеке кәсіпкер сотталды

admin_altyalash

133 млн теңге шығын келтірген – Павлодар облысында басқарма басшысы мен ЖШС директоры сотталды

admin_altyalash