Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

«Фридом Финанс» АҚ-ның ресми мәлімдемесі

Соңғы уақытта жария ақпарат кеңістігінде біздің компанияға қатысты шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың таралуына байланысты іс белсенді талқылануда.

Біз медиа қауымдастық өкілдері мен өзге де мүдделі тұлғалардың көптеген пікірлері мен мәлімдемелерін көріп отырмыз.

Біз ешқашан журналистерге қатысты, тіпті заңнамада көзделген қатаң жауапкершілік шараларын қолдануға мүдделі болған емеспіз. Материалдық залалды өтеу, жауапты тұлғаларды материалдық жауапкершілікке тарту, редакция тарапынан жария түрде кешірім сұрату және осыған ұқсас өзге де шаралар біз үшін негізгі мақсат емес.

Біз үшін ең маңыздысы – компанияның іскерлік беделін қорғау. Компания ҚазТАГ ХАА-ға жолдаған сотқа дейінгі талап-арызында дәл осы талаптарды көрсетті және біз дауды дәл осы шарттар негізінде медиация тәртібімен реттеуге әлі де дайынбыз.

Біздің мақсатымыз – заңда көзделген құқықтарды қорғау тетіктері аясында «Фридом Финанс» АҚ-на қатысты таратылған шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді теріске шығару.

Компанияның осы мақсатқа қол жеткізу үшін заң аясында жүзеге асырған барлық әрекеттері, соның ішінде азаматтық талап қоюы және ҚазТАГ ХАА-ға қатысты құқық қорғау органдарына жүгінуі редакцияның дауды сотқа дейінгі тәртіппен реттеуден бас тартуының салдарынан болды.

Қазіргі уақытта біз ҚазТАГ ХАА-ға компанияның сотқа дейінгі талап-арызында көрсетілген шарттар негізінде медиативтік келісім жасау арқылы келіспеушіліктерді реттеуді қайта ұсынамыз.

Атап айтқанда, біз келесіні ұсынамыз.

Біріншіден, ҚазТАГ жариялаған, соның ішінде онлайн-платформаларда таратылған бірқатар материалдарды шындыққа сәйкес келмейтін және «Фридом Финанс» АҚ-ның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жарияланымдар ретінде тану. Бұл жарияланымдарға қатысты сілтемелер келісімге енгізіледі. Тергеу барысында ұсынылған құжаттар негізінде аталған мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіні анықталды. Лингвистикалық сараптама қорытындылары да бұл мәліметтердің теріс сипатқа ие екенін және компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіретінін растайды.

Екіншіден, компанияның іскерлік беделін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының «Масс-медиа туралы» Заңының 38-бабына сәйкес шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер таратылған барлық ақпарат көздерінде аталған жарияланымдарға қатысты теріске шығару материалын жариялау және мұндай жарияланымдарды бір мезгілде алып тастау.

Үшіншіден, медиативтік келісімге шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың таратылғанын және масс-медиа туралы заңнама талаптарының бұзылғанын мойындау жөніндегі тармақ енгізу.

Бұл ретте кінәні мойындау заңнама талаптарының бірі болып табылады, өйткені іс қазірдің өзінде сот қарауы сатысында тұр. Осыған байланысты бұл медиативтік келісім жасасудың маңызды шарттарының бірі саналады.

Біз бұқаралық ақпарат құралдарын ақпараттың дұрыстығы мен объективтілігін сақтауға шақырамыз және осы істі медиация тәртібімен реттеуге дайын екенімізді растаймыз.

Ұқсас жаңалықтар

ҚазҰПУ-да Мәлік Ғабдуллин атындағы дәрісхана ашылды

admin_altyalash

Тілсіз жаудан қауіп төнбесін

admin_altyalash

«Абайға құрмет» акциясы аясында заманауи спорт ғимараты бой көтереді

admin_altyalash