Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі халықаралық әуе бағыттарының географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша ұшу жиілігін арттыру бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізуде.
Мысалы, осы жылдың тамыз айынан бастап AJET Астана-Анкара және Алматы-Анкара бағыттары бойынша әр бағытта ұшулар санын аптасына екіден жетіге дейін арттырады.
Ұшу жиілігінің артуы екі ел арасындағы іскерлік, сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықты одан әрі нығайтады.
