Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Ақтөбеде синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолы кесілді

Ақтөбеде көлік полицейлері синтетикалық есірткі тарататын ірі арнаның жолын кесті.

Арнайы операция барысында жедел уәкілдер 10 келі Альфа-PVP психотроптық затын тәркілеп, ірі есірткі дүкенін жабдықтау арнасын бұғаттады және тұтынушыларға мыңдаған біржолғы дозаның жетуіне жол бермеді.

Қылмыстық топ иерархия бойынша көлеңкелі сегменттің жолға қойылған схемасымен әрекет етіп, анонимді оператордың нұсқауларын орындай отырып, есірткі дүкенінің «қоймашылары» ретінде жұмыс істеген.

Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін қаскүнемдер жеке үйді жалға алып, кейіннен оны өлшеп-орау цехы ретінде пайдаланған. Үй-жайды тінту барысында психотроптық заттар салынған 5 пакет табылды.

Тергеу барысында ұсталғандар кінәларын мойындап, есірткі жасырылған орынның қайда орналасқанын айтты. Нәтижесінде орман алқабындағы аталған жерден есірткі салынған тағы 10 пакет тәркіленді.

Психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Енді фигуранттарға мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Ұсталғандар қамауға алынды.

Ішкі істер министрлігі есірткі жеткізу арналарының жолын кесу бойынша мақсатты іс-шараларды жалғастырады.

Ұқсас жаңалықтар

Президент шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекті құттықтады

admin_altyalash

600-ден астам адам әскери қызметтен кейін жеңілдікпен оқуға түсе алады – министрлік

admin_altyalash

Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде Тоқаевтың кітабынан алған әсерлерімен бөлісуде

admin_altyalash