Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Абай облысында полицейлер қызметке көмектесетін технологияларды таныстырды

Абай облысында полицейлер қызметке көмектесетін технологияларды таныстырды.

Адамды денесінен бөлінетін жылу ізі арқылы анықтау, жетуі қиын аумақтарды тексеру және хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуге көмектесу. Абай облысында Цифрландыру күніне арналған форумда полицейлер заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін таныстырды.

Абай облысы полиция департаментінің цифрландыру және жасанды интеллект басқармасы қатысушыларды қызметтік міндеттерді орындауға көмектесетін техникалық құралдармен таныстырды. Көрмеге робот-ит, дрон, антидрон, электронды планшет, радиостанция және кеудеге тағылатын смарт-жетон қойылды.

Жастардың ерекше қызығушылығын робот-ит тудырды. Қатысушылар оның қимылдарын қызыға бақылап, қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Инфрақызыл бақылау жүйесімен жабдықталған робот адам денесінен бөлінетін жылуды анықтап, жүруі қиын жерлермен қозғала алады. Оның бұл мүмкіндіктері адамға жетуі қиын аумақтарды тексеру кезінде пайдалы болуы мүмкін.

Полицейлер ұшқышсыз ұшу аппараттарының қолданылуы туралы да айтып берді. Дрондар тасжолдардағы қозғалыс жағдайын бақылауға және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеу кезінде кең аумақтарды шолуға көмектеседі. Сондай-ақ келушілерге ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы қолданылатын антидронның жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.

Форумда таныстырылған тағы бір құрылғы — кеудеге тағылатын смарт-жетон. Ол қызметкердің қызмет барысындағы әрекеттерін тіркейді. Ал бет-әлпетті тану функциясы іздеуде жүрген адам анықталған жағдайда полицейге белгі береді.

Осы технологиялардың әрқайсысы нақты міндетті шешуге бағытталған: ақпаратты жедел алу, қауіпті дер кезінде байқау және көмек көрсету. Форум қатысушылары цифрлық шешімдердің полицияның күнделікті қызметінде қалай қолданылатынын және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қалай көмектесетінін білді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент ТМД-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік органдары мен арнаулы қызметтерінің басшыларын қабылдады

admin_altyalash

Шахтер күні қарсаңында сала мамандары мен ардагерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Alatau City жобасын жандандыруды тапсырды

admin_altyalash