Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Қарағанды облысында браконьерлікпен айналысқан топ ұсталды: 2,5 тонна шаян тәркіленді

Қарағанды облысында заңсыз шаян аулап, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. Приозерск қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде сегіз күдікті ұсталып, заңсыз ауланған 2,5 тоннадан астам шаян тәркіленді. Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі – 20 миллион теңгеге жуық.

Заңсыз әрекетті Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықтады.

Приозерск қаласында 23 пен 50 жас аралығындағы сегіз адам ұсталды. Олар шаяндарды заңсыз аулап, аса ірі мөлшерде сатумен айналысты деген күдікке ілінді.

Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полицейлер 2 557 келі шаянды тәркіледі. Сонымен қатар заттай дәлелдеме ретінде 115 паллет, заңсыз ауланған өнімді тасымалдауға пайдаланылған деген болжам бар жүк көлігі мен ГАЗель алынды.

Алдын ала есеп бойынша, күдіктілердің әрекетінен мемлекетке 20 миллион теңгеге жуық көлемінде залал келтірілген.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған сегіз адамның екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, сондай-ақ заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға және браконьерлікке қарсы күресті жалғастырып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫ 90 ПАЙЫЗҒА ТОЛЫП, 5 МИЛЛИАРД ТЕКШЕ МЕТР СУ ЖИНАЛДЫ

altyalash_kz

Шайдуллинге қатысты үкім шықты

altyalash_kz

Айтыскерлер жаңа Конституцияны жыр арқылы қолдады

altyalash_kz