Даланың дана диқаны – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Маусым 8, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Даланың дана диқаны

13.10.2021
0
Даланың дана диқаны

Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында еңбегімен елге танылған тұлғалардың есімін ұмытпай ұрпақ жадында қайта жаңғырту керектігі айтылған болатын. Бұл күндері Шиелі десең Ы.Жақаевты сөз етпеу мүмкін емес. Әлемге Сыр күрішін әйгілеген Ыбырай Жақаев – өз бақытын еңбектен тапқан, еңбегімен елінің де, өзінің де даңқын шығарған кемеңгер диқан, ақ күріштің атасы, дала академигі атанды. Саналы ғұмырында бір өзі бір дәуірдің жүгін көтеріп, қайталанбас рекордтар жасай жүріп, еліміздің аграрлық саласының дамуына зор үлес қосты. Міне, осындай ел үшін туып, ұлтын ұлы істерге бастаған тұғырлы тұлғалар үнемі халық жадында жаңғыра бермек.

Биыл Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойы. Оған қоса, аудандағы Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейінің кірпіші қаланғанына 40 жыл толуда. Айтулы датаны ескере отырып, 6 қазан күні аудандық Ы.Жақаев музейінде еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған даңғайыр диқанның құрметіне «Ақ күріштен тау тұрғызған нар тұлға», Ыбырай Жақаев музейінің 40 жылдығына «Тұғырда тас мүсін емес, тарихы жатыр» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Арал өңірі мен Жаңақорған ауданы аралығындағы барлық музейлердің меңгерушілері мен ғылыми қызметкерлері, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары ­ Жанар ­Ахметова, Әсет Тоқтамысов, «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС басқарма төрағасының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Құрманбек Бәкірұлы, «Күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарының тұқым шаруашылығы» бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Камалдин Шермағамбетұлы қатысты. Дән сеуіп, даңқы артқан Ы.Жақаевтың 130 жылдық тойына ат арытып келген қонақтарды Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Тұрмағамбет Жағыппаров, Шиелі ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен ­Исмаил, ҚР Мәдениет қайраткері профессор Өскенбай Тәшенов, Ыбырай атамыздың ұлы Сейітбек Жақаев және аудан, ауыл ақсақалдары қарсы алып, рухани шараның куәсі болды. Музей алдында тарихтан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, қолөнер мен қымыз, шұбат ұсынылды.

Шара барысында Жақаев, Байсын, Арман мәдениет үйінің әжелері, қолөнер шеберлері, шараға демеуші болған кәсіпкерлер және музей қызметкерлері аудан әкімінің, облыстық мәдениет басқармасының, облыстық тарихи-өлкетану музейінің алғыс хаттарымен марапатталды. Бүгінде даңғайыр диқанның өмірі аңызға, әр ісі өнегеге айналды. Ақ күріштің атасы бақытын еңбектен тауып, диқандықты даналыққа ұштастырды. Қажырлы қайратымен танылған диқан әрбір әрекеті арқылы еңбек адамының қандай болатынын көрсете білді. Тіпті, Ұлы Отан соғысы жылдары Отан қорғау қорына арнап танк колоннасын жасауға 150 мың сом қаржы берді. Саналы ғұмырында жүріп өткен өмір сүрлеуі бүгінгі ұрпаққа үлгі болып отырған даңқты диқан дүниежүзілік рекорды үшін, егін даласындағы табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында 1949 жылы Социалистік Еңбек Ері атанды. Кеңестік қоғамның тағы бір атағы КСРО мемлекеттік сыйлығы берілген. Ол үш мәрте ҚазССР Жоғары Кеңесінің депутаты, ҚазССР Жоғары Кеңесінің Президиум мүшесі болған. Сонымен қатар, 4 рет «Ленин» және «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, Бүкілодақтық халық шаруашылығы көрмесінің 4 алтын медалімен наградталған. Ы.Жақаев 1971 жылы екінші рет Социалистік Еңбек Ері атағына қол жеткізді. Осыншама ерліктің астарында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік пен қайтпас қажыр-қайрат жатқанын мойындамау мүмкін емес. Сондықтан, дала академигіне қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Тіпті, әлемдік рекордты орнатқан диқанға арнап әлем еститін дүбірлі той жасасақ та артықтық етпейді.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ауғанстан: «Талибан» мен ДАИШ текетіресі

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда омбудсменнің құзыреті артады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.