Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Коронавирус: Алексей Цой 3 айға болжам жасады

Ашық дереккөзден алынды

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал болжамын жариялады, – деп хабарлайды Altyalash.kz сайты ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Министрлік алдағы 3 айға арналған коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық ахуал болжамын жаңартты. Атап айтқанда, пессимистік сценарий кезінде қарашада орташа тәуліктік тіркелетін жағдай саны 1 800-ге дейін, ал желтоқсанда 2 350-ге дейін жетеді. Нақты сценарийге сәйкес, қарашада 1 650, желтоқсанда 1 600 жағдай тіркелуі ықтимал», – деді министр.

Оның айтуынша, оптимистік сценарий кезінде коронавирус жұқтыру жағдайы қараша айында тәулігіне 1 500, ал желтоқсанда 1 100 болуы мүмкін.

«Денсаулық сақтау министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірге коронавирус инфекциясы бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асырып, мониторинг жүргізуін жалғастырып жатыр», – деді Алексей Цой.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің отырысында сөз сөйледі

admin_altyalash

133 млн теңге шығын келтірген – Павлодар облысында басқарма басшысы мен ЖШС директоры сотталды

admin_altyalash

Сараланған салықтың тиімділігі

admin_altyalash