Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Елдің басым бөлігіне қар мен жаңбыр жауады – Қазгидромет

Фото ашық дереккөзінен

Қазгидромет 28-30 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

«Алдағы күндері солтүстік циклонмен және атмосфералық фронттардың өтуімен, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, желдің күшеюі, елдің солтүстік және орталық аудандарында төменгі бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Ал 28-29 қазанда оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ республика бойынша тұман болжанады», – дейді синоптиктер.

Батыста ауа температурасының ауытқуы түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз негізгі фон 5-15 жылуды, солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 3-8-ден 3-ке дейін, күндіз 3-10-нан 0-8-ге дейін, орталықта түнде 5-10-нан 3-8-ге дейін, күндіз 0-10-нан 2-13-ке дейін, шығыста түнде 0-7-ден 0-5-ке дейін, күндіз 2-13-тен 0-13-ке дейін 5-15 жылуды құрайды. Оңтүстікте түнде 5 аяз-8 жылу, күндіз 7-15 жылу, республиканың оңтүстік-шығысында түнде 2-8-ден 0-5 жылу, күндіз 10-18-ден 7-15 жылу аралығында ауытқиды.

Ұқсас жаңалықтар

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ – САЯСИ ЖҮЙЕНІ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

admin_altyalash

Іс-шараның мақсаты – табиғи аумақтарды тазарту, ұлттық парктің экожүйесін сақтау

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

admin_altyalash