Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Жамбыл облысында мұнай резервуарлары өртенді

Фото ҚазАқпараттан алынды

Жамбыл облысындағы газ өңдеу зауытының 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуары өртенді, деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Жамбыл ауданының Аса ауылында «Амангелді ГӨЗ» ЖШС (газ өңдеу зауыты) Тараз филиалының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді. Жамбыл облысы ТЖД кезекші қызметіне хабарлама сағат 12:0 түсті.

Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық –құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы шықты.

«Барлығы -75 қызметкер мен 21 техника, сондай-ақ сол жерде құрамында 7 адам және 2 техникасы бар объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмыс істеді. Өрт 13:05-те ауыздықталып, сағат 13:17 минутта сөндірілді», делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, оқыс оқиғадана ешкім зардап шекпеген. Өрттің шығуына мұнай өнімдерін (дизель отыны) айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы себеп болды деген болжам жасалды.

Ұқсас жаңалықтар

2025 жыл Жұмысшы мамандықтарының жылы

admin_altyalash

Олжас Бектенов: «Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту»

admin_altyalash

Сыр өнерпаздарының мерекелік концерті Швейцарияның Берн қаласында қорытындыланды

admin_altyalash