Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

ШҚО-да браконьерден 100 келіге жуық балық тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында браконьерден 100 келіге жуық балық тәркіленді, деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Зайсан ауданының полицейлері заңсыз балық аулаған ер адамды ұстады.

«Браконьер» жедел алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары Зайсан көлінің солтүстік-батыс жағындағы тыйым салынған аумақта заңсыз балық аулаған 49 жастағы Үшкөмей ауылының тұрғынын қолға түсірді. Одан моторлы қайық, 100 метрлік екі тор, жалпы салмағы 91 келіге жететін 3 қап көксерке тәркіленді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Күдікті аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігіне (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

«Дарын» мемлекеттік сыйлығының жеңімпаздары анықталды

admin_altyalash

Президент Қарағанды облысына жұмыс сапарымен келді

admin_altyalash

Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық — Президент

admin_altyalash