Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Коронавирус: ШҚО-да 2 мыңға жуық ата-ана баласына екпе салдыруға келісім берді

Шығыс Қазақстан облысында 2 мыңға жуық ата-ана баласына коронавирусқа қарсы екпе салдыруға келісім берді, деп хабарлайды altyalash.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихаты барысында облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Элмира Рахымбаева бүгінде өңір бойынша 12 баланың Pfizer вакцинасын салдырғанын мәлім етті.

«Жалпы Шығыс Қазақстанда қазіргі уақытта 2 мыңға жуық ата-ана баласына екпе салдыруға келісім беріп отыр. Барлық мектеп вакцинация науқанын бастауға дайын. Екпе алған балаларда теріс реакция байқалған жоқ. Олар бірнеше күн бойы медицина қызметкерлерінің бақылауында болады. Облыс бойынша коронавирус вакцинасын 80 мыңнан астам бала алады деп жоспарланған», – деді ол.

Элмира Рахымбаеваның айтуынша, аймақ ауруханаларында қауіпті дертке шалдыққан 14 жасөспірім емделіп жатыр. 80 сынып карантинге жабылып, балалар екі аптаға қашықтан оқытуға көшірілген.

Ұқсас жаңалықтар

«Дата журналистика: мамандарды жұмысқа алмай отыр». Салалық журналистиканың дамуын тежейтін факторлар аталды

admin_altyalash

Сенат шахтерлерге арналған төлем мен қоғамдық бірлестіктерге қатысты заңды мақұлдады

admin_altyalash

Ақтөбеде туристерге арналған орталық ашылды

admin_altyalash