Маңғыстау облыстық ауруханасына Финляндияда жасалған 20 жаңа көпфункционалды төсек-орын алынды, – деп хабарлайды altyalash.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Lojer ScanAfia PRO медициналық-реанимациялық кереуеттері қарқынды терапия бөлімшелерінде пайдалануға арналған. Аталған реанимациялық кереуеттер еуропалық стандарттарға сай.
Яғни, кереуеттер қашықтан басқару пульті арқылы басқарылады, бұл өз кезегінде науқастың жағдайын реттеуге мүмкіндік береді. Ал арнайы матрац төсек жараларынан қорғайды.
«Декубитке қарсы матрацтар теріге қысымның болмауын және ұзақ уақыт бойы жұмсақ тіндердің зақымданбауын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жүрек ауруымен ауыратындарға алғашқы көмек көрсетуге қолайлы. Ал жаңа төсек-орындар пациенттің тұруын жеңілдетеді. Бұл тек пациенттерге ғана емес медицина қызметкерлеріне де ыңғайлы. Себебі жаңа кереуеттер жұмыс істеуге қолайлы, әрі сенімді», – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасы хирургиялық орталығының басшысы Сағат Бітімов.