БИЛІККЕ БІЛІМДІ, БЕДЕЛДІ АЗАМАТТАР КЕЛУІ ТИІС – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

БИЛІККЕ БІЛІМДІ, БЕДЕЛДІ АЗАМАТТАР КЕЛУІ ТИІС

01.03.2022
0
БИЛІККЕ БІЛІМДІ, БЕДЕЛДІ АЗАМАТТАР КЕЛУІ ТИІС

Қазақстан сияқты географиялық маңызы бар елді бір орталыққа шоғырландыратын, әміршіл басшы керек екенін тарихтан білеміз. Бірақ ол биліктің өзі сыртқы және ішкі құрылымдардың ықпалына тәуелді. Сол құрылымдар мемлекеттің саяси траекториясын анықтауда маңызды рөл атқарады.
16-ғасырда Қазақ хандығы құрылып, көшпелі және жартылай көшпелі тайпалар үш жүзге бөлініп, өз орталарынан хан сайлады. Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүздің өкілдері географиялық тұрғыда атына заты сай болып, оңтүстік, орталық және солтүстік өлкені жайлады. Олар барлық жүздің үстінен қарайтын ортақ хан сайлауға келісті. Дегенмен уақыт өте келе бұл баланс бұзылып кетті.
Тұңғыш президент кезінде тұтас билікті өзіне қаратып алды. Өзіне жақын адамдарды жоғары лауазымды қызметке тағайындады. Соның ішінде әскер, заң және қауіпсіздік қызметі мен әкімшілік билікке өз адамдарын отырғызды. Конституцияны өзгертіп, президенттік мерзімді шектеу мәселесін шешіп алды. Премьер-министрді түгелге жуық өзінің аузына қарап отырған парламенттің келісімімен тағайындады.
Сондықтан қазіргі биліктің кландық бәсекені реттеп отыруы аса маңызды. Өйткені бұлай болмаса тепе-теңдік бұзылады. Мұның арты тұрақсыздыққа алып келеді. Президент үкімет және парламент арасында билікті қайта бөлу жөніндегі саяси реформа жасау кезінде осыған баса мән беруі керек-ақ.
Әйтпесе, осы уақытқа дейін мемлекеттегі негізгі билік құрылымдары, әсіресе құқық қорғау органдары бір ғана жүздің қолында болды. Әлдеқайда білімді, ел басқарудағы қабілет-қарымы мен ел-жұрт алдындағы беделі жоғары, Қазақстанның басқа өңірлерінен шыққан азаматтар көп-ақ. Оларға да мүмкіндік бергеніміз жөн.
Мемлекеттік биліктің жоғарғы сатысындағы жауапты лауазымдарға бір жүздің тумаларын отырғызып, солардың көмегімен жеке дара билікті сақтау жақсылыққа әкелмейді. Өйткені, соңғы «Қаңтар қырғыны» да осы кланның билікті қолдан бергісі келмеген, отанды сатқан опасыздық әрекеті болып саналады.
ҚР ішкі істер министрі қызметін атқарған, қазір Президенттің кеңесшісі Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Бас прокуроры болған қазіргі Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдаулетов, Ғабит Байжанов, Айда Балаева, Даурен Абаев, Марат Бекетаев, Бақыт Сұлтанов, Алик Айдарбаев, Мұхтар Аюбаев, Шахрат Нұрышев дегендердің барлығы бір жүздің адамдары.
Енді кейінгі тағайындауларда ортаның өкілдері басым болып барады. Сонда батыстың балалары қайда? Үлкен ағаның өкілдері қастарына інісін тартып, «тонның ішкі бауындай» болмай ма? Енді Мемлекет басшысы «таразының басын тең ұстап», қандай да бір руға көп басымдық бермеуі тиіс.
Әйтпесе, бұл басқа өңірлерден шыққандардың ызасын туғызуы және ішкі қайшылықты оятуы мүмкін. Тіпті анау тоталитарлық дейтін Кеңестік дәуірдің өзінде билік басында жүзаралық, руаралық тепе-теңдік бұлжымай сақталатын. Ол мүлтіксіз қадағаланушы еді ғой. Осы үрдістен айырылып қалмау керек. Сондықтан елімізде саяси реформа жасарда үш жүздің де беделді, білімді, қарім-қабілеті зор тұлғаларын билікке әкелу аса маңызды.

Баққұт ҚҰЛМАН

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын өткізді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Амал мерекесі неге батыста ғана тойланады?

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.