Ата Заңды өзгерту өз қолымызда – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 25, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ата Заңды өзгерту өз қолымызда

20.05.2022
0
Ата Заңды өзгерту өз қолымызда

5 маусымда республикалық референдум өтеді. Елдегі саяси және басқару жүйесіндегі реформаларға құқықтық негіз беретін бұл шараның маңызы зор. Бұл Қазақстанның болашағын айқындайтын қадам. Осы мақсатта 19 мамыр күні облыстық штаб өкілдері референдумның маңыздылығын түсіндіру үшін Ш.Қодаманов ауылдық округінде болып қайтты. Аталған жиынға аудан әкімінің орынбасары Алмасбек Есмаханов, облыстық штаб мүшелері Мұрат Жолдасбекұлы мен Назира Кенжебекқызы, ауыл тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, ҮЕҰ мүшелері, мәдениет саласы қызметкерлері және мектеп мұғалімдері қатысты.

         Тарихтың парағы жабылған сайын жаңа күндердің беті ашылып, адамзаттық өркениетке ілескен қазақ халқының болашақтағы бет-бейнесі айқындалып келеді. Шынтуайтында, әр қиындық, ауыртпашылық адам баласын тың серпіліске, дамуға жетелейтіні айқын. Биыл жыл басындағы ауыр күндердің әсеріне байланысты еліміздің саяси өміріне үлкен өзгеріс енгелі тұр. Яғни 5 маусым күні ел үшін елеулі оқиға орын алмақ.

Бүкілхалықтық референдум арқылы Конституцияға енгізілер өзгерістерді талқылаған қараша халықтың құлшынысын көріп, алдағы күндердің жарқын болатынына сенім арта бастағандай. Ондағы билік тармақтарын бекіту, жер мен қазба байлықты ел игілігіне теңдей бөліп, жақсылыққа жұмсау сыңайлы аса өзекті өзгерістер ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Сол себепті қазір еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін референдум сөзінің мән-мағынасын ұғынуға ұмтылып отыр. Осының өзі дамуға, өркендеуге қадам басқан Жаңа Қазақстаның сипатын айғақтай түсіп, келер кезеңнің кескіні керемет боларынан белгі беретіндей әсер қалдырады.

Ақпарат үшін айта кетейік, жалпыхалықтық референдумда қызмет еткендерге 275 мың теңгеден төленеді. Бұл заң бойынша белгіленген елдегі орташа жалақы мөлшері. Орталық сайлау комиссиясының мүшелерінің мәлімдеуінше, бірақ саяси науқанға атсалысқандардың барлығы бірдей мұндай еңбекақы алмайды. Оның өз тәртібі бар. Саяси науқанға бөлінген қаржының 80 процентке жуығы қызмет еткен комиссия мүшелерінің, бақылаушылардың жалақысы. Ол елдегі орташа жалақы мөлшерімен есептеледі. Ұлттық статистика бюросының 1 сәуірдегі ақпаратында ол 275 438 теңге болды.

Жоғарыда айтқандай, референдумда қызмет еткендердің барлығы мұндай қомақты еңбекақы алмайды. Олардың табысы жұмыс істеген уақытына қарай есептеледі. 3 күннен соң, яғни 23 мамырдан бастап қазақстандықтарға SMS арқылы қай учаскеге тіркелгені туралы хабарлама келетін болады. 18 жасқа толған кез келген Қазақстан азаматы референдумға қатысуға мүмкіндігі бар. Елде 10 мыңдай учаскеден 11 миллион 722 мың қазақстандық дауыс беруі керек деген болжам жасалып отыр. Референдумның әділдігін әдеттегідей шет мемлекеттен шақырылатын ұйымдар мен халықаралық бақылаушылар да қадағалайды. Сондай-ақ тағы 20 елдің орталық сайлау комиссияларының төрағаларына шақырту жіберген. Бірақ олардың жатар орны мен ішер тамағы мемлекет есебінен емес. Орталық сайлау комиссиясындағылар оларға тек түртіп қояр қойын дәптері мен қаламсабын ғана алып береді екен.

Күллі Қазақстанды қамтитын референдумда Президенттің отбасы мен туған-туыстарына ерекше мәртебе бермеу, кең-байтақ жеріміз бен оның ішіндегі қазба байлықты халықтың игілігіне жарату сынды мәселелерге ұлт болып ұйысқанда ғана өзгеріс енгізу болатынын ұғынатын уақыт келгенін түсінгендей болдық. Ендеше, өз үнімізді білдіріп, қолдау көрсететін мезгіл келді. Ата Заңды өзгерту өз қолымызда.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Референдум – шешім, жаңару

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Әлемнің Әбдіжәмілі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.