Бүгін Сенат отырысы өтті. Мәулен Әшімбаев қайта Сенат Төрағасы және Жақып Асанов Төрағаның орынбасары болды. Сонымен қатар Сенаттағы комитет басшылары сайланды.
Андрей Лукин – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетін басқарды.
Асқар Шәкіров – Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.
Сүйіндік Алдашев – Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Нұртөре Жүсіп – Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болды.
Әли Бектаев – Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болды.