Бүгін Алматы уақыты бойынша 8 сағат 8 минут 25 секундта Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СОМЭ» сейсмикалық стансалар желісімен жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11.4.
MPV магнитудасы – 5,1. Эпицентр координаттары 41,04° солтүстік 78,62° шығыс.
Тереңдігі – 10 км.