Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Түркиядағы зілзала: қираған үйдің астынан 28 сағаттан кейін әйел мен 3 бала табылды

Түркияның оңтүстік-шығысында жойқын жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі бірнеше рет қайталанды. Газиантепте  қираған ғимарат үйіндісінің астынан 28 сағаттан кейін 4 адамды құтқарды. Құтқарушылардың ерлігі туралы Aikyn.kz сайты «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кахраманмараш аймағында қираған үй, ғимараттардың үйіндісінің астынан тірі қалған тұрғындарды құтқару жалғасып жатыр. Жермен-жексен болған ғимараттың астынан 28 сағаттан кейін әйелді үш баласымен бірге құтқарды.

Жандарм, құтқарушы, дәрігерлер Фатих Сұлтан ауданында орналасқан жер сілкінісінен қираған 6 қабатты «Фуркан» тұрғын үй кешені тұрғындарын үйінді астынан аршып алып жатыр.

Апаттан кейін шамамен 28 сағат өткен соң Дөн Өзқылыч пен оның бала-шағасы Абдулқадыр, Бейза мен Элиф үйінді астынан шығарылды. Құтқарушылар жаралы отбасын  ауруханаға жөнелтті.

Бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Қазақстаннан бір топ құтқарушы Президент тапсырмасымен аттанғанын жазған болатынбыз.  

Ұқсас жаңалықтар

Жозеп Боррель: Белоруссиядағы ядролық қару Еуропаға қауіп төндіреді

admin_altyalash

Парижде Қазақстандағы саяси реформалар талқыланды

admin_altyalash

Месси жаңа клубында медициналық тексерістен өтті

admin_altyalash