Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Түркия президенті 7 күн жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады

Түркияның оңтүстік-шығысында бірнеше өңірде алапат жер сілкінісі болды. Зілзаладан қаза тапқандарды еске алу үшін бір апта аза тұту күні басталды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Түркияның мемлекеттік туы бүкіл ел аумағында жартылай түсірілді.

Президент Режеп Тайип Ердоған зілзала құрбандарының қазасына орай Түркияда 7 күндік жалпыұлттық аза тұту жариялады.

Қаралы күнде Түркияда және елдің шетелдегі өкілдіктерінде жексенбі, 12 ақпан күні күн батқанға дейін мемлекеттік ту жартылай төмен түсіріледі.

Қазіргі соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандар саны – 2 921  адам. 7 840 кісіні үйінді астынан құтқарды. Жараланғандар саны 15 834-ке жетті.

Ұқсас жаңалықтар

Президенттің болашақ күйеу баласы не үшін ұсталды – биліктің түсініктемесі

admin_altyalash

Филиппинде жер сілкінісі тіркелді

admin_altyalash

Канадада орман өрті өршіп тұр

admin_altyalash