Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Өскеменде оқушылар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді

Өскеменде бірнеше мектепте оқушылар эвакуцияланды,  – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

10 ақпанда түсте полицияға қаладағы бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен қызметкерлер білім ордаларының ұжымы мен оқушыларды эвакуациялады.

Қазір әр мектептің іші тексеріліп жатыр. Халықтан сабырлылық танытып, енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз, – деп жазылған хабарламада.

Бұл осы аптада мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түскен үшінші жағдай болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Демократияның бір өлшемі еркіндік болса, екінші өлшемі – жауапкершілік

admin_altyalash

Іс-шараның мақсаты — отбасы институтының рөлін нығайту, қазақтың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын кеңінен насихаттау

admin_altyalash

Мәжіліс «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды екінші оқылымда қабылдады

admin_altyalash