Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қазақстанда баспана бағасы қымбаттай ма?

Қаңтар айында үйді сату мен жалға алу құны тағы да өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға бір ай ішінде (2022 жылғы желтоқсан – 2023 жылғы қаңтар) жаңа үй – 0,7%, қолданыстағы үй құны 0,3%-ке өсті. Жалға беру құны 2,5%-ке қымбаттады.

Қаңтарда баспананың 1 шаршы метрінің орташа бағасы:

жаңа үй – 481 891 теңге;

қолданыстағы үй – 515 019 теңге;

жалға берілетін үй – 4 671 теңге.

Бір жылда пәтерді қайта сату бағаcы – 18,7%, жаңа баспананы сату 14% қымбаттады. Ал абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу құны 34,3%-ке артты.

Ал жаңа пәтерлер Ақтау – 28,2%, Ақтөбе – 25,4%, Петропавл – 20,9%-ке қымбаттады.

Қолданыстағы пәтер ең көп қымбаттаған қалалар: Семей (46,8%), Қызылорда (38,8%), Ақтөбе (37,3%), Ақтау (35,4%), Талдықорған (32,9%), Қостанай (31%).

Баспананы жалға алу құны ең көп қымбаттаған қалалар: Қостанай (55,6%), Көкшетау (55,1%), Алматы (50,7%).

Бұған дейін Үкімет басшысы делдалдардың көптігінен азық-түлік бағасы күрт қымбаттағанын айтқан еді.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада жергілікті суару жүйелері салынады

admin_altyalash

Тұрғын үйге кезекке қою бойынша 200 жетім баланың құқықтары қорғалды

admin_altyalash

Алдыңғы буынға құрметпен қарап, қамқорлық жасау — мемлекеттік саясаттың маңызды бөлшегі

admin_altyalash