АУЫЛҒА КЕЛ, СТУДЕНТ, БІЛЕГІҢДІ СЫБАНЫП – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Маусым 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

АУЫЛҒА КЕЛ, СТУДЕНТ, БІЛЕГІҢДІ СЫБАНЫП

10.02.2023
0
АУЫЛҒА КЕЛ, СТУДЕНТ, БІЛЕГІҢДІ СЫБАНЫП
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы министрлігінің алдына үлкен міндет қойғаны белгілі. Елімізде автоматтандыру, цифрландыру жүйелерін енгізу үрдісі кең етек алған уақытта заманауи технологиядан ауыл шаруашылық саласы да шеткері қалмауы тиіс. Бүгінде жастар жолай қоймайтын біршама мамандыққа сұраныс артып отыр.
Көпке топырақ шашудан аулақпыз. Қазіргі таңда қолында ауыл шаруашылығы саласында еңбек етуге мүмкіндік беретін дипломы бар жастар көп шығар. Бірақ түрлі себеппен олар басқа салада нәпақа ­тауып жүр. Бұл мәселе жұртшылықты алаңдататыны анық.
– Жасыратыны жоқ, қазір ветеринария мамандығы бойынша жоғары оқу орындарына түсетін түлектердің көп бөлігі – қыздар. Өкініштісі, олардың тең жартысынан көбі ауылға келуге құлықсыз. Ал заңды түрдегі талабына келер болсақ, мемлекеттік грант бойынша оқыған студент оқу бітірген соң осы салада 3 жыл бойы жұмыс істеп, мемлекеттің бөлген ақшасын өтеуі керек. Ары қарай өзі біледі. Дегенмен, осы 3 жыл ішінде мамандығын тереңірек меңгеріп, осы саланың білікті маманына айналуына, өмірлік жолын осы бағытта жалғастыруына мүмкіндік жасау, жалақысы мен қызметін сатылап көтеру сияқты шаруалар атқарылуға тиіс. Жалпы ауыл шаруашылығы саласына жас мамандарды тарту, осы салада қызмет етем деген жастарға қолдау көрсету ісі де кезек күттірмес мәселелердің бірі, – дейді сала мамандары.
Ардагер Өркен Исмаил да жастар ауылда тұрақтап қалуы үшін қолайлы жағдай жасалуы керектігін алға тартады.
– Баспана мен жалақы мәселесі өз алдына, жастардың бос уақытын тиімді өткізуін де назарда ұстаған жөн. Жастың аты – жас. Бойында жастық жалын лаулап тұрғандықтан қыдырғысы, көргісі, білгісі келеді. Сол себепті инфрақұрылым жағы реттеліп, ауылда спорттық және мәдени нысандардың жұмыс істеп тұрғаны маңызды. Интернет мәселесі де көп нәрсені шешеді.
Соңғы жылдары ауылдарға шағын футбол алаңдары салынуда. Су құбыры тартылуда. Осындай игі жұмыстар жалғаса берсе, жастар ауылда тұрақтап, ауыл шаруашылығы саласына аяқ басар еді, – дейді Ө.Исмаил.
Аудандағы Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі ауыл шаруашылығы саласына қажетті мамандарды даярлауға жауапты бірден-бір білім ордасы. Колледж директорының міндетін атқарушы Бақтияр Дайрақұловтың мәліметінше, бүгінде колледжде 398 студент оқиды. Оның 208-і ауыл шаруашылығы саласына түсіп, білім алуда. Өткен жылы 226 түлек тәмамдап, оның 136-сы жұмысқа орналасыпты. Сонымен қатар студенттер шаруа қожалығы басшыларының тапсырысы бойынша дуалды оқыту жүйесі арқылы білім алу үстінде. Яғни олар «жұмысқа қайда орналасамын?» деп бас қатырмайды. «Жалпы қанша сұраныс бар, сонша маманды қамтамасыз етуге әзірміз», – дейді колледж басшысының міндетін атқарушы.
Қандай мамандықтар жойылады?
Бұл сұрақ төңірегінде ranking.kz ақпарат көзі арнайы зерттеу жүргізіпті. Зерттеуінше, бұл салада соңғы 5 жылда жаңадан пайда болатын 10 және ­жойылуы мүмкін 18 мамандық анықталған.
2020 жылы ең қажетті мамандықтар қатарында тракторшы, ауыл шаруашылығы механизациясы саласындағы инженер, күзетші, крандар мен көтергіштердің операторы, жеке көліктің жүргізушісі мен шопыры тіркелген. Цифрлық технологиялар күннен-күнге дамып, процестердің бәрі де автоматтандырылып келе жатқан заманда жаһандық еңбек нарығында едәуір өзгерістер орын алып жатқаны белгілі. Әлемдік тенденция ауыл шаруашылығын да айналып өткен жоқ. Жаңадан пайда болатын мамандықтардың қатарында сүт фермаларындағы робототехник малшы, жер және су ресурстарын басқаратын IT инженер, агроном-экономист, цифрлы агроном, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңа технологиялар жөніндегі мамандар бар.
Ал 2025 жылға қарай мынадай мамандықтар жойылуы мүмкін: таңбалаушы (олардың орнына лазермен таңбалайтын құрылғылар келеді), қаптаушы және бөлшектеп өлшеуші (бір ғана робот қаптаушы бірнеше адамның жұмысын атқара алады, сонымен қатар робот тәулік бойы жұмыс істеуге қауқарлы), сұрыптаушы немесе іріктеуші (роботталған жүйелер өнімді сапасы мен басқа да белгілеріне сәйкес сұрыптай алады), жүк тасушы (қазірдің өзінде роботталған көтергіштер жұмыс істеп жатыр).
Түйін: Қорыта айтсақ, «кадр тапшы» деп қол қусырып отыруға болмас. Енді 5-10 жылдан кейін ветеринар мен механизатор таппай қиналуымыз мүмкін. Сондықтан да жастардың ауылға ағылуы үшін кешенді бағдарлама әзірленгені ләзім.

Сұлушаш БАХТИЯРҚЫЗЫ

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ТУРА БИДЕ ТУҒАН ЖОҚ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Президент бірнеше облыс әкімін қабылдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.