ТЫЙЫММЕН ЖҮРУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ? – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

ТЫЙЫММЕН ЖҮРУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ?

13.02.2023
0
ТЫЙЫММЕН ЖҮРУ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ?

Қазақтың қастерлі қасиеттері мен ұлы ұғымдары жетерлік. Соның бірі – тыйымдар. Жалпы қазіргі таңда тыйыммен жүру қаншалықты тиімді? Бүгінгінің жастары оны өз деңгейінде ұғына алып жүр ма?

Әлқисса… Қазақ тыйымдары – асыл қасиет­терді танып-білуге бағытталған бабалар өсиеті. Бір сөзбен айтқанда тәрбие құралы деуге тұра­тын құндылық. Әр сөздің астарына үңіле қалсаң, түйсігіңді кеңейтетін ой қайнарлары бастау суын­дай шымырлап жатады. Бос бесік­ті тер­­­бетуге болмайды. Жаңа туған бала­ның кіндігі қатқанша, күн бат­қаннан кейін оттың күлін шығар­майды. Басты шайқауға, тісті қайрауға бол­майды. Отпен ойнама, от басын сабама. Құс ұясын бұзба. Басыңды шайқама. Көкке, желге қарап түкірме. Қараңызшы, не деген ойлы, тәрбиелік мәні зор қағидалар. Есіңізде болар, байырғы жақсыларымыз баласы ес кіргеннен санасына сіңіріп, айталық бос бесікті тербетудің жақсы ырым еместігін, басты шайқау, тісті қайрау жүйке сыр бергендігінің белгісі екендігін, көкке, желге қарап түкіру – түкірігің өз бетіңе келіп тиеді деп, тәртіп бұзбай жүруге үйреткен. Қала берді «Босағаны керме. Табалдырықта тұрма. Таңдайыңды тақылдатпа» деп жиі еске салып отыратын. Көпке топырақ шашудан аулақпыз әрине, бірақ мұндай тәрбиелік көріністерді көп кезіктіре бермейміз.

Оны заманның өзгеруіне әкеп жаба салудың қажеті шамалы. Себебі бабалар үлгісіндегі тыйым қарғадайымыздан жанымызға дарып, ойымызға қонған тыйымдардың тәрбиелік мәні зор. Сол үшін де оның ұмыт қалуы әбестік. Анығында, тыйымдардың түп­-тамырында тәрбиелік қағидалармен қатар, темірдей тәртіп те жатыр. Ол конституция секілді сан-сан тарау бабымен емес, қысқа да нұсқа түйінімен түйінделген.

Өкініштісі, бұл темірдей тәртіпті, ата-бабадан мирас болып қалған тыйымдарды айтып отыруды әлсіреттік. Үйдегі бала не айтса, соны орындап, қалауын екі етпей орындауды қалыптастырып алғанымыз рас. Өзім білемдік осыдан шығып жатыр емес пе?! Сол үшін ел ертеңдерін жат қылыққа әуестендіріп алмас үшін бүгін бүтін іс істемей, жартыкештікпен «жарыл­қасақ» ертең өкіну былай тұрсын, опынып қалуымыз мүмкін.Қанында, жанында, ділінде ұлттық тәрбиесі жойылмаған халықтың қабырғасы қатаяды. Қай ұлттың болсын сүйегімен бірге жаралған қасиет жыл ғана емес, ғасырлар өтсе де жойылмайды.

«Қызға қырық үйден тыйым» дегенді ескермей, оны айтатын әке-шеше күнкөрістің қамы­мен кетіп, біраз қыздарымыз жаман атқа ілінді. Осы тұста алдыңғы буындар өзінің айбыны­мен көрініп, ұлттық тыйыммен тәрбие беріп, тәртіпті жолға салуы шарт. Егер олай істей алмасаң, жас шыбықтың бір жағына қарай бұрала өсуі табиғи құбылыс демеске шараң қайсы.Егер ұлт ұлы тағылымдары жүрегі қазақ деп соққан әр жанның бойында тұрса, тыйымдар көңіліне мықтап орнықса, жат қылықтар тыйылары­на иманымыз кәміл. Оған арғы бүтін қазақтың тірлік-тынысы дәлел бола алады.

Көбінде заманның өзгеруін алға тартып, еркіндікті желеу етіп, өзіміз де, ұрпағымыз да еркелікке ұрынып, тәртіптен ауытқып, тәрбие­ден көз жазып қала беретінін жасыруға келмес. Әркім өзі біледі деген «қағи­даны» ұстанып алып, ұл-қызды бетімен жіберуден пайда емес, зиян көреріміз анық. Сол үшін қазақ тыйымдарын­дағы тәрбие мен тәртіпке шақырған қағидаларды көкейімізде жаңғыр­тып, онда кие мен құттың барын ұқсақ ұтылмаспыс. Қай-қайсымыз да: «Үйге оң аяғыңмен кір, құт қонады. Ұрлық, зорлық қылма, құрдымға кетесің. Баланы шошытпа, атқа теріс отырма. Ас ішіп болған соң «тойдым» деме, қанағат де» басқа да халықтық қағидатқа құндылығымыз арта бермек. Заманның өзгеруіне бай­­ланысты кейінгі болмыс уақытша желпінгенмен – тыйымның қаншалық тиімді екенін ұғынары хақ.

ТҮЙІН: Ұдайы жақсыға жақсылық жаса, пенделік қылықтан бойыңды да, ойыңды да ада ұста, адамдықтан кетпе, адалдықты сақта, соны серік ет дейтін үлкендіріміз көп болсын. Себебі кісілік пен кішілікті ұқтырар ұғымның арғы жағында кемел бол, кең бол, кем болмайсың деген ғаламат ғақлия жатыр. Тыйымға тыйылған, құндылықты құнттаған ұлт адас­пайды, жолынан жаңылмайды.

Сұлушаш МАДИЯРОВА

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚОЛЫ АЛТЫН ҚАРИЯ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.