Бас прокуратура Jusan-ды Қазақстанға қайтаруға әрекет жасап жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Шілде 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бас прокуратура Jusan-ды Қазақстанға қайтаруға әрекет жасап жатыр

16.02.2023
0
Бас прокуратура Jusan-ды Қазақстанға қайтаруға әрекет жасап жатыр

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты  Pioneer Capital Invest  ЖШС мен Jusan Technologies Ltd арасындағы  First Heartland Jusan Bank  АҚ-ның, сондай-ақ онымен байланысты ұйымдардың (бұдан әрі –  Jusan  тобы) активтерін шетелдік юрисдикцияларға беру туралы мәмілені жарамсыз деп тану туралы Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша азаматтық іс қозғады. Бұл туралы Aikyn.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

2022 жылғы маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрды. Сол кезден бастап Бас прокуратура капиталды жымқыру және шетелге шығару фактілерін анықтау үшін банк секторында  талдау жүргізді.

Талдау барысында  Jusan  тобының активтерін басқару құрылымын өзгертудің көлеңкелі схемасы анықталды.

Аталған схеманы жүзеге асыру нәтижесінде топтың қызметін бақылау құзыреті шетелде тіркелген ұйымдарға өтеусіз берілген.

Атап айтқанда, 2020 жылғы 27 сәуірде Jusan тобының иесі  «Pioneer Capital Invest  ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысында Pioneer мүлкін шетелде тіркелген Jusan Technologies Ltd компаниясының жарғылық капиталына беруді мақұлдау туралы шешім қабылданған.

Бұл әрекеттер қоғамдық мүдделерге, оның ішінде  «Назарбаев университеті» мен «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» ондаған мың қазақстандық студенттері мен оқушыларының мүдделеріне қауіп төндірді.

Себебі  Jusan  тобының акциялары, облигациялары мен депозиттері бойынша дивидендтері  – аталмыш оқу орындарын қаржыландыру көздерінің бірі.

Бұдан бөлек, 2023 жылғы 3 ақпанда Бас прокуратураға бірқатар субъектілердің құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан Jusan  тобы шетелдіктердің бақылауына өтіп кету фактілері бойынша прокурорлық қадағалау шараларын қабылдау туралы «Назарбаев қорының» арызы келіп түсті.

Прокуратураның мақсаты – тек әділеттілікті қалпына келтіріп,  Jusan  тобының активтерін басқаруды Қазақстанның құзырына қайтару.

Сонымен қатар аталған талап-арыз Jusan Bank-тің жұмысына қатысты емес, яғни оның ағымдағы қызметіне, сондай-ақ банктің клиенттері мен іскерлік серіктестіктерімен өзара іс-қимылына шектеу қоймайды.

Істің сотта қаралуы Jusan Bank-тің жұмысына әсер етпейді, ол қалыпты жағдайда жұмысын жалғастырады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Негізсіз талаптан ниет жоғалады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алаяқ “брокерге” алданған атыраулық қазақстандықтарға үндеу тастады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.