Түлектердің мектеп бітіргеннен кейінгі өміріндегі маңызды шешімдердің бірі – жоғарғы оқу орнын таңдау. Әр адам өз мамандығын саналы түрде таңдап, болашақта кім болғысы келетінін өзі шешуі керек.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таңдаған мыңдаған түлектер еліміздің аумағы мен алыс және жақын шет мемлекеттердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ республикамыз бойынша ерекше мәртебесі бар және жетекші классикалық университет, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мен ғылымды инновациялық дамытудың ұлттық көшбасшысы, еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы бірінші Қазақстан Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Quacquarelli Symonds (QS, Ұлыбритания) агенттігінің зерттеулеріне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру бағдарламалары бойынша 150 орынды иеленді. Университетте еліміздің барлық аймағынан келген 20 мыңнан астам студент, сондай-ақ алыс жақын шетелден келген студенттер білім алады.
Оқытушы-профессорлар құрамы 2500 мың адамнан асады, олардың арасында 400-ден аса ғылым докторы, профессорлар, 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер бар. Университеттің 16 факультетінде беделді ғылыми мектептер шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. ҚазҰУ-дың 89 жылдық өмір жолында қалыптасқан дәстүрлерге, есімдері мен атқарған істері ұлы шаңырақтың, яғни еліміздің жасампаз оқу орны басынан кешкен тарихының ғылымға риясыз қызмет ету мен батыл инновациялардың ажырамас бөлігі болып табылатын алдыңғы буын ағалар мен замандастарға тән ерлікке табан тірейді.
Университеттің миссиясы – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру. Кредиттік технологияның мәні – академиялық бағдарламалардың икемділігі мен әрбір студент үшін оқудың жеке траекториясын таңдау мүмкіндігінде. 2008 жылы университетте бірінші рет бакалавриаттағы 2726 пәнді қамтитын 60 мамандық үшін қазақ және орыс тілдерінде элективті курстардың каталогтары қалыптастырылды. Бұл студенттердің әр деңгейдегі оқыту аясында оқу пәндерін шын мәнісінде таңдап алуына жағдай тудырды.
ҚазҰУ ғылыми инфрақұрылымының негізі – республикадағы іргелі зерттеу бағдарламалары жалпы мөлшерінің елу пайызы жүргізілетін 20 ғылыми-зерттеу институты мен халықаралық ғылыми орталық.
Университет жанында сонымен қатар колледж, біліктілікті көтеру институты және түлектері қосымша әскери мамандық алып шығып, ұлттық қарулы күштері қатарында, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, кеден қызметі мекемелерінде қызмет етуге мүмкіндік беретін әскери кафедра жұмыс істейді.
ҚазҰУ-мен төрт жүзден аса шетелдік университеттер достық қарым-қатынаста. Студенттердің жоғары деңгейде білім алу үшін жасалып жатқан мүмкіндіктер аз емес. ҚАЗҰУ – мүмкіндіктер мекені деп айтқымыз келеді.
Әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ, заң факультетінің
оқытушылары; Ш.Б. Маликова,
Г.М. Атаханова,
О.Н. Тлепбергенов,
А.Б. Избасова,
С.Б. Маликов