Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Астанада такси жүргізушісі оқушыны қағып, оқиға орнынан қашып кеткен

Елордада такси жүргізушісі 9 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жүргізушілер арасында көлік тәртібін жақсарту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын-алу мақсатында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері «Қауіпсіз жол»  жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.

Бұл іс-шараның нәтижесінде тәртіп сақшылары ЖПІШ-тің екінші күнінің қорытындысы бойынша 1400-ге жуық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісін анықтады. Оның ішінде көлікті мас күйде басқару бойынша 25 дерек, қарсы жолаққа шығып кету бойынша 10 дерек, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдалану бойынша 60 дерек, қауіпсіздік белдігін тақпау бойынша шамамен 165 дерек анықталды.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жүргізушілердің оқиға орнынан бой тасалап кеткен 27 жол-көлік оқиғасын тіркеді. Соның бірі туралы айтар болсақ,  Chevrolet көлігінің жүргізушісі 9 жастағы қызды қағып, оқиға орнына бой тасалаған. Бұл туралы қыздың анасы «102» арнасына бірден хабарлаған.

Полицейлер оқиға орнына дереу жетіп, бейнебақылау камераларының көмегімен 20 минут ішінде жүргізушіні анықтаған. Ол жолаушыларды тасымалдаған 24 жастағы такси жүргізушісі болып шықты.

Қазір тергеу жүріп жатыр. Полицейлер жүргізушілерді жол көлік оқиғасы болған жағдайда ешқайда қашып кетпеуін сұрайды. Ол адам бәрібір қолға түседі. Себебі қала көшелеріне орнатылған бейнебақылау камералары құқықбұзушылықты түсіріп қана қоймай, оқиға орнынан бой тасалап кеткен құқық бұзушыны тез арада ұстауға септігін тигізеді.

Ұқсас жаңалықтар

Роман Скляр MCC International Engineering Group директорлар кеңесінің төрағасымен кездесу өткізді

admin_altyalash

Өзбекстанның кино күндері өтеді

admin_altyalash

Қазақстандықтар 300-ден астам қайырымдылық шара ұйымдастырды

admin_altyalash