Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Түркиядағы Кахраманмараш провинциясында тағы да жер сілкінісі болды

Түркиядағы Кахраманмараш провинциясында тағы екі рет жер сілкінісі тіркелді.

Зілзаланың ошағы Кахраманмарашта Түркия уақытымен кеше кешкі сағат 17:39-да 4,5 және 17:49-да 4,1 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы inbusiness. kz сайты хабарлады.

Түркияның бірқатар қаласында кейінгі дүмпулер қайталанып жатыр. Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Онекішұбат ауданында сағат 17:39-да 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі – 9,88 шақырым. Арадан 10 минут өткен соң, яғни 17:49-да күші 4,1 балға жеткен екінші жер сілкінісі тіркелді. Мұның тереңдігі 13,61 шақырым деп жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

УЕФА-ның үш лигасының жеребесі тартылды

admin_altyalash

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

admin_altyalash

Баскетболшы ойыннан кейін бүйрегінен айырылды

admin_altyalash