Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, аптаның басында антициклон әсерінен жауын-шашын күтіледі.

«14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста, республиканың оңтүстік облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен қар аралас жауын-шашын болады, оңтүстікте жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Республикада тұман күтіледі, көктайғақ болып, кей жерлерде жел күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Құтқару миссиясы: артында тағдыр тұрған көрсеткіштер

admin_altyalash

Су басқан аймақта соқырішекпен ауырған бала құтқарылды (ВИДЕО)

admin_altyalash

Тері мен жүнді өңдеу және экспорттау деңгейі әлі де төмен деңгейде қалып отыр

admin_altyalash