Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Салмағы 230 келі қой Қазақстанның рекордтар кітабына енді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы қожалықта Қазақстан бойынша ең ірі қой тіркелді. Бұл туралы Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов хабарлады.

«Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына «Миллион» атты қошқарым тіркелейін деп жатыр. Астанадан арнайы маман келіп, таразының дұрыстығын гирялармен тексердік. Ет-май өнімділігі бағытындағы тұқымды тіркесек, бұл ТМД елдері арасында ғана емес, бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен жетістік», деді Қуаныш Мықтыбаев.

КИнЭС ресми өкілі Қуаныш Құдайбергенов мұны әлем рекордына тән көрсеткіштердің бірі екенін атап өтті.

Қошқар иесі Қуаныш Мықтыбаев бұл рекордтың ТМД мен дүниежүзінде де үлкен жетістік екенін айтады.

«Нақты салмағы – 230 кг. Қазақстан рекордтар кітабы атынан сертификат Қуаныш Мықтыбаевқа тапсырылады және ет-май өнімділігі бағытындағы қошқардың салмағы 230 кг екенін растайды, еліміздегі ең ірі салмақты қой ретінде тіркейді», деді Қуаныш Құдайбергенов.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

admin_altyalash

Қазақстан Президенті Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесті

admin_altyalash

«Елорда Жастары» бағдарламасы: Астанада тұрғын үйге жеңілдетілген кредитті қалай алуға болады

admin_altyalash