Миссисипи мен Алабамада торнадо салдарынан 26 адам қаза тапты.
Миссисипи Үкіметі төтенше жағдай жариялады. Зардап шеккендерді іздестіру жалғасып жатыр. ТЖ департаменті зардап шеккендер мен жараланғандардың саны артуы мүмкін екенін ескертті.
Табиғи апаттың салдарынан ауылдық жерлердегі шағын қалалар көп зардап шеккен. Онда ағаштар құлап, электр желілері қиылып, ондаған мың үй жарықсыз қалды. Сондай-ақ Шарки округінің батысындағы екі мыңға жуық тұрғыны бар Роллинг Форк қаласы толығымен дерлік жойылып кетті.
«Мен өмірімде мұндайды көрген емеспін. Бүтін бір қала жермен жексен болды», деді жергілікті тұрғын Бренди Шова CNN-ге берген түсініктемесінде.
Джо Байден елде төтенше жағдай жариялады. Миссисипиде торнадоның қайталану қаупі бар екені ескертілді.