Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Саясат

Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті

Президент Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін тоқтату жөніндегі жарлыққа қол қойды. Алайда Үкімет жаңа құрам бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқарады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2023 жылғы 29 наурыз

№ 158

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Тәжікстан Республикасына барды

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелді Чех Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады

admin_altyalash

Досаев Шэньжень мэрі Цинь Вэйчжунмен кездесу өткізді

admin_altyalash