Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Ресейде 19-қабаттан құлаған ер адам тірі қалды

Ресейдің Воронеж қаласында 19-қабаттан көліктің үстіне құлап түскен ер адам аман қалды.

Құлап кеткен ер адамның видеосы әлеуметтік желіде тараған. Онда құтқарушылардың ер адамды көліктің жүк салғышынан шығарып жатқаны көрсетілген.

«3 сәуір күні кешке Колесниченко көшесіне шақырту келіп түсті. 1982 жылы туған ер адам 19-қабаттан көлікке құлап түскен»,  дейді агенттікке ақпарат берген ведомство өкілдері.

Басылымның жазуынша, зардап шегуші бас пен омыртқа жарақатымен ауруханаға жеткізілген.

Воронеж облысы бойынша Тергеу комитеті тергеу басқармасы өкілінің айтуынша, болған оқиға бойынша тергеуге дейінгі тексеріс жүргізілуде. «Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған шаралар кешені орындалып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша процесуалдық шешім қабылданады», деді ведомство өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Польша сеймі сайлауы: Тізгінді кім ұстайды?

admin_altyalash

Әзербайжан мен Армения: жолдар үшін талас

admin_altyalash

NASA мен Boeing жаңа ұшақ жасау үшін күш біріктіреді

admin_altyalash