Үй жұмысын робот ChatGPT жазып береді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан жаңалықтары

Үй жұмысын робот ChatGPT жазып береді

12.04.2023
0
Үй жұмысын робот ChatGPT жазып береді

ChatGPT жазып берген мәтінді енді Turnitin анықтайтын болды. Turnitin антиплагиат жүйесі ЖИ (жасанды интеллект) арқылы жасалған мәтінді 98% дәлдікпен анықтай алатынын мәлімдеді. Бірақ академиялық университеттер бұл құрал студенттердің еңбегін бағалауда қателесуі мүмкін екенін айтады. Болашақта ChatGPT сияқты нейрондық желілердің көмегімен жазылған жұмыстар қалай бағаланатынын  Financial Times басылымында жарияланған мақалаға сілтеме жасап Aikyn.kz түсіндіреді.

Үй жұмысын робот ChatGPT жазып береді
Фото gettyimages.com сайтынан алынды

Плагиатты анықтауға арналған Turnitin бағдарламсы студенттер мен оқушылар жазған эсселер ЖИ-дің көмегімен жасалғанын анықтайтын құралды іске қоспақ. Ал университеттерде студенттердің көшіріп жазғанын анықтау үшін жаңа жүйені пайдалану керек пе деген пікірталас бар. Неліктен профессорлар академиялық шындықты жақтамай отыр? Себебін анықтап көрейік.

Үй жұмысын робот ChatGPT жазып береді
Фото gettyimages.com сайтынан алынды

Дүниежүзіндегі 10 000-нан астам білім беру мекемелерінде қолданылып жүрген Turnitin 4-сәуірде ЖИ арқылы жасалған мәтінді 98 пайыз дәлдікпен анықтай алатын қызметті іске қосатынын мәлімдеді. Ал соңғы бірнеше айда бүкіл әлемге танымал болған ChatGPT чат-ботын жасаушы OpenAI компаниясы өздерінің плагиатты анықтау жүйесі тек 26% дәлдікпен жұмыс істейтінін жариялады.

«Оқытушылар бізге ЖИ жазған мәтінді дәл анықтау қабілеті қазіргі уақытта олардың басты басымдығы екенін жеткізді», – деді Turnitin-нің атқарушы директоры Крис Карен. – «Олар студент жұмысының шынайылығын бағалау және оны қалай түзету керектігін анықтау үшін тапсырманы орындауда ЖИ қаншалықты қолданылғанын өте жоғары сенімділікпен анықтай алуы керек».

Үй жұмысын робот ChatGPT жазып береді
Фото ft.com сайтынан алынды

Turnitin-нің жасанды интеллекті анықтау бағдарламасы біраз талас туғызды. Әлемнің беделді университеттері, соның ішінде Кембридж және Ұлыбританиядағы жетекші университеттердің  академиялық қызметін үйлестіретін Russell Group ұйымының мүшелері антиплагиат жүйесінің жаңа қызметінен бас тартатындарын айтқан.

Университеттер бұл құрал студенттерді академиялық шыншылдық ережелерін бұзды деп жалған айыптауы мүмкін деп алаңдайды. Студенттердің деректерін жеке компанияға таратады және адамдарға генеративті ЖИ сияқты жаңа технологиялармен тәжірибе жасауға кедергі болады деп санайды.

«Үлкен алаңдаушылық бар», – деді жағдайды білетін, өзінің атын атамауды өтінген сарапшы. Russell Group түсініктеме беруден бас тартқан.

Білім берудегі технологияны қолдайтын Ұлыбританияның UCISA ұйымы университеттерге жаңа мүмкіндікті уақытша тоқтату мүмкіндігін қарастыруды Turnitin-нен сұраған.

Үй жұмысын робот ChatGPT жазып береді
Фото gettyimages.com сайтынан алынды

Америкалық колледждер мен университеттер қауымдастығының оқу және педагогикалық инновациялар жөніндегі вице-президенті К.Эдвард Уотсон ЖИ-дің қарқынды дамуын ескере отырып, плагиатты анықтау жүйесі әлі де «күмәнді» екенін ескерткен: «Көп адамдар плагиатты анықтау қызметі өз міндетін жақсы атқаратынына сенбейді».

Microsoft қолдау көрсететін OpenAI компаниясы дайындаған ChatGPT жүйесі студенттердің жазба тапсырмаларын бағдарламалық құралды пайдаланып әзірлейді деген күмән тудырды.

Бұл әлемдегі академиялық оқу орындары  профессорларының, жоғары білім беру саласының кеңесшілері және когнитивті ғалымдар арасында ЖИ-ден академиялық адалдыққа төнген қауіпке жауап ретінде университеттер бағалаудың жаңа әдістерін қалай дамыта алатыны туралы пікірталас қыза түсті.

Үй жұмысын робот ChatGPT жазып береді
Фото gettyimages.com сайтынан алынды

UCISA бас атқарушы директоры Дебора Грин Turnitin ЖИ-дің көмегімен жазылған жұмыстарды анықтау жүйесін осы жазда курстық жұмыстар мен емтихандарға дайындалып жатқан студенттерге ескертусіз іске қосылуына да алаңдаушылық білдірген.

Университеттер жаңа құралды жалпы құптағанымен, оның қаншалықты тиімді, пайдалы екенін анықтауға уақыт қажет екенін айтқан: «Бізде оны сынауға мүмкіндік болған жоқ, сондықтан біз оның не істейтінін және не істемейтінін білмейміз».

Advance HE консалтингтік фирмасы  директорының  орынбасары Чарльз Найттың айтуынша, оқытушы профессорларды эсселер неліктен «ЖИ жазған» деп белгіленетінін анықтауға мүмкіндіктері болмайтыны алаңдатады. Ол бір университетте 1% қателік деңгейі жүздеген студентті алдады деген жалған айыптауларға алып келетінін және білім алушылардың апелляцияға  мүмкіндігі болмайтынын айтады.

«Бұл қара жәшік», – дейді ол. – «Біз бұл нәтижелердің нені білдіретінін білмейміз және антиплагиат бағдарламасының қорытынды шешімі дұрыс па, қате ме екенін тексере алмаймыз».

Үй жұмысын робот ChatGPT жазып береді
Фото gettyimages.com сайтынан алынды

ЖИ-дің көмегімен жазылған жұмыстарды анықтау функциясын қосудан туындаған пікірталас туралы сауалға Turnitin бірден жауап бермеген.

Бірақ компания құралдың іске қосылуы туралы мәлімдемесінде бұл технологияның «бірнеше жылдан бері әзірленгенін» және ол «білім беру қауымдастығына дұрыс бағдар беруге және басқаруға көмектесу» үшін ұсынылған құрал екенін мәлімдеген.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Тіс эмалін сақтап қалудың жолын тапқан ғалым

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Хайролла Ғабжәлелов: Теңге елге серпіліс әкелді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.