Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Қазақстан мен Вьетнам өзара визасыз режим енгізбекші

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Вьетнаммен екіжақты визасыз режим енгізу үшін келіссөз жүргізіп жатыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрлік мәліметінше қос мемлекеттің өкілдері бейнеконференция форматында келіссөздер өткізген.

“Тараптар консулдық салада достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мүмкіндігін атап, алғашқы әрі маңызды қадамдардың бірі ретінде екі елдің жалпыазаматтық паспорттардың иелері үшін визалық режимді жеңілдету туралы үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаласты”, – делінген хабарламада.

Ұқсас жаңалықтар

Мектеп – бұл жеке тұлғаның қалыптасуы басталатын орын

altyalash_kz

«Сетевые специалисты» ошиблись: Конституция не разрешает жить в чужой квартире бесплатно

altyalash_kz

Жаңа Конституцияда адам капиталын дамыту – мемлекеттің стратегиялық басым бағыты: Үкіметте инклюзивті саясат шаралары қаралды

altyalash_kz