Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шараға қатысады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ақорда мәліметіне сәйкес 5 мамырда президент Бүкілармиялық кеңес өткізеді. Ал 9 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етеді деп жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін қорғаныс министрлігі 9 мамырда әскери парадтың өткізілмейтінін хабарлаған еді. Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.
“Қазір департаменттің басым бағыты – Қазақстан Қарулы Күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын сақтау. Дегенмен, әскери бөлімдерде шағын әскери-патриоттық іс-шаралар өткізіледі. Ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерліктерін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету бойынша шаралар өткізіледі”, –делінген хабарламада.