Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Шахматтан халықаралық турнирде Қазақстан спортшысы жеңіске жетті

15 жастағы Алдияр Аңсат Kazakhstan Chess Cup 2023 турнирінде жеңіске жетті. Ол турнир барысында 7,5 ұпай жинады.

Шахмат федерациясының хабарлауынша, армениялық гроссмейстер Шант Саргсян (2630) екінші орынды, украиналық Александр Моисеенко (2573) үшінші орынды, FIDE атынан өнер көрсеткен Алексей Гоганов (2525) төртінші орынды иеленді. Бесінші орынды ирандық Данешвар Бардия (2540), алтыншы орынды АҚШ-тан келген Ханс Ниманн (2706) алды.

Ардагерлер арасында бірінші орынды астаналық Фазиль Гусейнов, екінші орынды тараздық Айтқазы Баймурзин, үшінші орынды павлодарлық Төлеген Нукин жеңіп алды.
Әйелдер арасында бірінші орынды алматылық Алуа Нұрманова иеленді. Екінші орын шымкенттік Аяулым Қалдароваға бұйырса, үшінші орынға астаналық Әмина Қайырбекова тұрақтады.
Турнир матчтарына әлемнің 16 елінен 167 шахматшы қатысты.

Ұқсас жаңалықтар

Ташкент төріндегі жарқын жеңіс: Алматы циркі «Жібек жолында» қос жүлдеге қол жеткізді

admin_altyalash

Әлімханұлы танымал рейтингте үздік үштікке кірді

admin_altyalash

Тоқаев жәрдемақы тағайындау процестерін цифрландыруды тапсырды. Ол қаншалықты орындалып жатыр?

ais_media