Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды

Сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты қылмыстық іс жабылды.

«Гүлмира Кәрімованың кенеттен қайтыс болуына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда тергеу ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды. Осы істі қадағалаған прокурор бұл шешімді бекітті», деді Астана полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов.

ҚР Парламенті сенатының жаңадан сайланған депутаты Гүлмира Кәрімова 2023 жылғы 27 қаңтарға қараған түні қайтыс болды. Ол 45 жаста еді. Алдын ала «анафилактикалық шок» деген диагноз қойылған еді, бірақ 28 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі өлімге жедел миокард инфарктісі себеп болғанын хабарлады. 25 ақпанда сенатордың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда креативті экономика субъектерінің саны 17% өсті

altyalash_kz

Алматы гуманитарлық және педагогтік колледжінде кездесу өтті

altyalash_kz

Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездеспек

altyalash_kz