Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Жас теннисшілер әлем чемпионатына жолдама алды

Теннистен Қазақстан қыздар құрамасы 16 жасқа дейінгілер арасында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннис федерациясы ұсынған мәліметіне сүйенсек, Шымкент қаласында Азия — Тынық мұхит аймағы бойынша өтіп жатқан іріктеу турнирінің жартылай финалында Ярослава Шведованың шәкірттері әлемдегі үздік құрамалардың бірі, жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг кубогінің бес дүркін чемпионы — Аустралия құрамасын 2:0 есебімен жеңді.

Бірінші ойында Ариана Гогулина сәтті өнер көрсетіп, 7:5, 3:6, 7:5 есебімен ұтты. Ол бірінші партияда 2:5 есебімен жеңіліп жатып, қатарынан бес геймді алды.

Ал Полина Слепцова Аустралия көшбасшысы Тахлия Коккинисті артта қалдырды. Есеп — 7:5, 6:4.

Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы осы жылдың күзінде өтетін әлем чемпионатында бақ сынайды.

Айта кетсек, ертең, 6 мамыр күні финалда қазақ қыздары Жапония немесе Оңтүстік Кореяның біреуімен кездеседі.

Altyalash.kz

Ұқсас жаңалықтар

Странджа турнирі: Қазақстанның 9 боксшысы жеңіске жетті (ВИДЕО)

admin_altyalash

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі белгілі болды

admin_altyalash

Алматыда болашақтың спорты қалыптасады

admin_altyalash