Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Мастерс турнирі: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды

Италияның Рим қаласында өтіп жатқан Мастерс сериясы турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы белгілі болды.

Турнирдің екінші айналымында Елена Рыбакина кортқа Италия өкілі Жасмин Паолинимен кездеседі. Италиялық теннисші рейтингте 68-ші орында тұрса, Қазақстан теннисшісі Мастерс турнирін алтыншы орыннан бастады.

Бұған дейін Италия теннисшісі қытайлық Ван Синьюйді үш сетте ұтқан еді. Кездесу 6:4, 6:7, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, сегізінші мамырда Римнің (Италия) сазды корттарында әйелдер мен ерлер арасындағы «Мастерс» жарысы басталды. Жарысқа әлемнің барлық жетекші теннисшілері барды, оның ішінде әлемнің алтыншы ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина да бар.

Дереккөз: Egemen.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Турнирдің басты мақсаты – ұлттық дәстүрлерді сақтау және насихаттау

admin_altyalash

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті ауысты

admin_altyalash

Таэквондодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті

admin_altyalash