Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Өзбекстан президенттігіне сайлау науқаны басталды

Өзбекстанда 9 шілдеде өтетін президент сайлауы науқаны бүгін басталды деп хабарлады uza.uz сайты.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлап, сайлау округтерін құру 15 мамырға, ал сайлау учаскелерін құру 25 мамырға белгіленді. Сонымен қатар сайлаушылардың бірыңғай электронды тізімі жасалады.

Саяси партиялар сайлау науқаны жарияланғаннан кейiн 3 күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясына өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн тiркеу туралы өтiнiш жасауы тиiс.

Сайлауға қатысу үшін партиялар 15 мамырға дейін құжаттарын тапсыруы қажет. Президенттікке кандидаттар 17 мамыр мен 1 маусым аралығында ұсынылады.

Сайлауды дайындық пен өткізуге байланысты іс-шаралардың тәртібі, кезеңдері мен мерзімі туралы ақпарат сайлаушыларға және сайлау процесінің басқа да қатысушыларына Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар арқылы жеткізілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның орта мектептеріне білім берудің жаңа үлгілері енгізіліп жатыр

admin_altyalash

2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі

admin_altyalash

Игі бастамалар жалғасады

admin_altyalash