Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин ұлттық құраманы 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан ұлттық құрамасын Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатындағы тамаша нәтижесімен құттықтаймын!», деп жазды Головкин Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Ташкентте өткен әлем чемпионатында Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54-ке дейін), Асланбек Шымбергенов (71-ге дейін) және Нұрбек Оралбай (80-ге дейін) әлем чемпионы, Дулат Бекбауов (67-ге дейін) күміс жүлдегер атанды.
Жеңімпаздарды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.