Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Ұлытау облысында алаяқ әйел ұсталды

Ұлытау облысында алаяқтықпен айналысқан әйел ұсталды. Ол әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды «шешіп беремін» деп ақша алған деп хабарлады turkystan.kz.

Polisia.kz-тің жазуынша, Сәтбаев қаласының Полиция басқармасының кезекші бөліміне әлеуметтік желі арқылы бұғатталған шоттарды шешіп беремін деп 65 мың теңге алған алаяқтық әрекет туралы арыз түсті.

Бұдан кейін Сәтбаев тұрғындарынан осыған ұқсас жағдайлар бойынша арыздар түсе бастаған.

Полиция қызметкерлері алаяқтық әрекетпен айналысқан 29 жастағы әйелді ұстады.

Күдікті әлеуметтік желі арқылы екінші деңгейлі банктерде бұғатталған есепшоттарды шешіп беремін деген желеумен жарнама жасап, бұл ақпаратқа сенген қала тұрғындарынан ақша алып отырған.

29 жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 9 млн теңгеден асты. Күдікті қылмысын мойындады, іс сотқа жолданды.

Ұқсас жаңалықтар

Моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға баса назар аудару қажет

admin_altyalash

Ақтауда 15 млн теңгенің «Гүлді алаңы» сынып жатыр

admin_altyalash

Сенат жылу энергиясында мемлекеттік бақылауды күшейтуге қатысты құжатты мақұлдады

admin_altyalash